Франциядағы ұшақ апатынан үш қазақстандық қаза тапты

Франциядағы ұшақ апатынан үш қазақстандық қаза тапты

Франциядағы ұшақ апатынан үш қазақстандық қаза тапты
ашық дереккөзі

Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағында үш қазақстандық болыпты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Кеше апатқа ұшыраған әуе кемесінің бортында 1965 жылы туған ҚР азаматы Иманғалиев Ербол Базаралыұлы, 1966 жылы туған Исенғалиева Айжан Сарымқызы және 1989 жылы туған Иманғалиев Әділ Ерболұлы болған. Аталған Қазақстан азаматтарының қазасын ҚР Сыртқы істер министрлігі растап отыр. «Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Мұнымен қатар, Германия үкіметінің мәліметінше, ұшақ бортында Қазақстан азаматшасы Блес Елена да болған. Қазіргі уақытта сәйкес органдар бұл мәліметті нақтылап жатыр», – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі. Сондай-ақ, апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағында Қазақстанда дүниеге келген опера әншісі Олег Брыжактың да болғаны анықталған болатын. 1960 жылы дүниеге келген опера әншісі ұшақ бортында қаза тапқандығын Дюссельдорф операсының басшылығы растады. Мұндай ақпарат германиялық «Bild» басылымында жарияланды. Дюссельдорф опера театрының бас директоры Кристоф Майер аталған басылымға берген сұхбатында: «Біз нағыз әнші, ұлы адам Олег Брыжактан айрылдық», – деді.