Елімізде «Электрондық үй кітапшасы» қолданысқа енді

Елімізде «Электрондық үй кітапшасы» қолданысқа енді

Елімізде «Электрондық үй кітапшасы» қолданысқа енді
ашық дереккөзі
Осы жылдың қазан айынан бастап «Электрондық үй кітапшасы» қолданысқа енді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Тіркелгені туралы мәліметтерді әрбір азамат, ал тұрғын үй иесі – оның мекенжайында тіркелген барлық адамдар туралы ХҚКО немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінген кезде ала алады. Портал арқылы мәліметтер алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік парольдің көмегімен қол қойылған электрондық сұрау салу, егер ұялы телефонның нөмірі Азаматтардың мобильді базасында тіркелсе, «Электрондық үкімет» порталдың есептік жазбасына сұрау салуы қажет» делінген хабарламада. Сонымен бірге, «Электрондық үй кітапшасында» нақты жылжымайтын мүлік объектісіне анықтамада көрсетілген адамдар туралы мәліметтер мекенжайды тіркеу кодының мекенжай мәліметтері болған жағдайда беріледі. Қазіргі уақытта ІІМ мекенжайды тіркеу кодын автоматтандырылған түрде енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Бүгінгі күні халықтың 50% астамының мекенжай мәліметтеріне мекенжайды тіркеу коды енгізілді, осы жұмыс жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Автоматтандырылған түрде мекенжайды тіркеу кодын енгізу барысында сәйкессіздіктер немесе дұрыс емес мекенжай мәліметтері анықталған кезде азаматтарға мекенжай деректерін түзету үшін ХҚКО-ға жүгінулері қажет.