СІМ: Қазақстан "Қытайдың ішкі ісіне араласпайды"

СІМ: Қазақстан "Қытайдың ішкі ісіне араласпайды"

СІМ: Қазақстан "Қытайдың ішкі ісіне араласпайды"
ашық дереккөзі
Қытайдағы саяси лагерьлерде қысым көріп жатқан қазақтар жайын Қазақстан халықаралық ұйымдар алдында көтере алмайды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов айтты. «Бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отырмыз. Халықаралық ұйымдардың шеңберінде бұл мәселені көтеруге ешқандай құқығымыз жоқ. Өйткені бұл - Қытайдың ішкі мәселесі. Біз олардың ішкі ахауалына араласуға құқығымыз жоқ. Бірақ сыртқы істер министрлігі бұл өте күрделі мәселеге ерекше назар аударып отыр», - деді министр. Әбдрахманов Қытайдағы саяси-тәрбие лагерьлеріндегі қазақтар мәселесін шешу жайында жақында тағайындалған Қытайдың Қазақстандағы жаңа елшісімен талқылайтынын айтты. Қытайдағы этникалық азшылыққа қысым көрсетіліп жатқаны соңғы бір жарым жыл көлемінде жиі айтыла бастады. Аз ұлттар өкілдері балаларының құқығы да халықаралық ұйымдардың назарына ілігіп, алаңдаушылық тудырған. Қарашаның 6-сы күні Женевада БҰҰ кеңесінде Қытайдағы адам құқығы мәселесін талқылады. АҚШ, Канада, Германия, Франция Қытайдан Шыңжаңда қамалғандарды босатуды талап етті.