Иракта адамдар жаппай көмілген 200 мола табылды

Иракта адамдар жаппай көмілген 200 мола табылды

Иракта адамдар жаппай көмілген 200 мола табылды
ашық дереккөзі
Ирактың Ниневия, Киркук, Салах-эд-Дин және Анбар аймағында Ирак пен Левант содырларының қолынан қаза тапқандардың 200-ден астам моласы табылды, деп хабарлайды «Хабар24». Бұл туралы БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі басқарманың жоғары комиссарының баяндамасында келтірілген. Қазіргі таңда содырлар өлтірген адамдардың санын анықтау қиын. Олардың саны 6 мыңнан 12 мыңға арасында болуы мүмкін. Мамандар 28 моланы ашып, 1258 адамның мүрдесін тапқан. Олардың арасында әйелдер, балалар, Ирактың әскерилері мен полицейлердің мәйіттері бар. БҰҰ осыншама адамды жаппай қыру геноцидке пара-пар деп отыр. Мамандар сондай-ақ адамдардың содырлардың қолынан қалай қаза тапқанын анықтау үшін көмекке мұқтаж екенін білдірді. Себебі Ирак билігі оған қаржы мен адам күшінің жетіспейтінін айтады.