6 Қараша, 12:20 262 0 Өнер Назым Тойлыбаева

Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр қайраткері - Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай, атаулы дата ЮНЕСКО көлемінде тойланатын болды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ел тарихында тұңғыш рет театр және кино саласы артисінің атына арнап, ЮНЕСКО көлемінде тойлау, еске алу шаралары өтеді.

Әмина Ерқожақызы 1949 жылдан өмірінің соңына (2006 жылы 26 қыркүйек)  дейін, жарты ғасырдан астам Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті. Көптеген кинофильмдер мен театр қойылымдарындағы талғампаз бейнелері арқылы, Халық қалаулысына, Ел ардағына айналған, Ұлттық өнерімізде есімі ел есінде жатталған - Әмина Өмірзақованың туғанына 2019 жылдың 8 наурызында 100 жыл толады.

 

Соңғы жаңалықтар