2 Қараша, 01:59 202 0 Ішкі саясат Әсел ӘНУАРБЕК

Баршаға ұнайтын қазақ бидайы

Қазақстан 2017 жылы ірі бидай экспорттаушы елдердің рейтингісінде 11-орынға тұрақтады. Бұл өнім  660 миллион 800 мың долларға саудаланды.  Биыл 7 млн 700 мың тонна астық экспортталмақ.

Өткен жылы Қазақстан 2016 жылмен салыстырғанда бидай сату көлемін 47 пайызға амалсыз азайтқан. Ең бастысы, Франция,  Германия, Аустралия және АҚШ елдері де 20 пайыздан 50 пайызға дейін  төмендеткені байқалады. Соған қарамастан бұл елдер көшбасшылар тізімінде үздік бестікке кіреді. Жалпы,  әлемдік экспорттың шамамен жартысына жуығы Еуропаға тиесілі. Экспорттың үштен бірі АҚШ пен Канадаға жөнелтілген. Әлемдік нарықтағы бидайдың шамамен 12 пайыздан астамы Аустралиядан, 2 пайыздан астамын  Азия елдерінен, тек 0,1 пайызын Африка құрлығынан жеткізеді. Сарапшылар  биыл Қазақстан астығына сұраныс жоғары екендігін айтады. Әсіресе, Қытай   мен Азия елдеріне экспортталатын өнім көлемі артпақ.

Биыл астықты жеткізу бойынша да қиындықтар туындамауы тиіс. «Қазақстан теміржолы» астықты жеткізудің тың тәсілдерін қолдануға ниетті. Айтпақшы, компания биыл 456 жүк станциясын автоматтандырды. Қазір тасымалдау жұмыстарын автоматтандырылған жүйе іске асырады. Бүгінде барлық жүк тиеу станциясы толық іске қосылған. Ресей, Қытай, Әзірбайжан және Қырғызстан электронды ақпарат алмасуы заңдастырылды. Сонымен қатар 2019 жылы Тәжікстан және Өзбекстанмен электронды ақпарат алмасу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар