16 Қазан 2015, 10:15 3256 0 Жаңалықтар "Түркістан" газетінің авторлары

Білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық меморандумы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мен Алматы облысының Іле, Қарасай, Талғар, Жамбыл аудандарындағы эксперименттік алаң ретінде бекітілген білім беру ұйымдарымен Өзара Ынтымақтастық Меморандумына қол қою ресми салтанаты болып өтті.

«Бүгінгідей жаһандану жағдайында мемлекет мен адам озық, бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет»,- деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтып өткендей, қазіргі таңда білім мен ғылым саласын дамыту басты назарда. Бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ тәрбиелеу ісі ұстаздарға жүктелер жауапкершілік жүгін еселейді. Сондықтан да, ұстаздар әр уақыт заман талабына сай білімі мен біліктілігін жетілдіріп отыруы шарт. Осы мақсатта «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Алматы облысының Іле, Қарасай, Талғар, Жамбыл аудандарындағы білім беру мекемелерімен өзара келімге қол қойды.

«Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру, педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру, жастар арасында оқу-тәрбие үдерісімен өзара тығыз байланыстағы бірлескен ғылыми жобаларды Алматы облысының аймағында өткізу, инновациялық озық іс-тәжірибелерді тарату жұмыстарын бірлесе ұйымдастыру т.б. білім және ғылым саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін заңды түрде қарым-қатынысымызды бекіту қажет деген байламға келдік»,- деп институт директоры Дюсебаев Ханат Әлімжанұлы Меморандумның маңызы мен мәніне тоқталып өтті.

Өзара Ынтымақтастық Меморандумына Алматы облысы білім басқармасы, Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар ауданы білім бөлімі басшылары, М.Бейсебаев атындағы «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» директоры, «№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» меңгерушісі және жоғарыда аталған аудандарға қарасты 14 мектеп директоры қол қойып, бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендіктерін және әріптестікке зор үміт артатындықтарын жеткізді.

Алматы облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетіндегі Инновация және орта білім бөлімінің жетекшісі Сапаргалиева Шеризат Төлегенқызы: «Алматы облыстық білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауы білім беру саласының өркендеуіне қосар үлесі зор», - деп өз пікірін білдірді.

Өзара Ынтымақтастық Меморандумына қол қойылып, мәнді өткен басқосу барысында білім беру саласын ілгерілетуге байланысты маңызды ойлар айтылды, болашаққа бағдарланған жаңа жоспарлар талқыланды.

Айгүл НҰРАҚБАЕВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Алматы облысы бойынша педагог

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

 «Қоғаммен байланыс және баспа қызметі»

бөлімінің жетекші маманы

DSC_0238 DSC_0286 DSC_0301 DSC_0072 46 (1)45 (1)

Соңғы жаңалықтар