Жаңалықтар

Евгений Кочетов жаңа қызметке тағайындалды

ашық дереккөзі

Евгений Кочетов жаңа қызметке тағайындалды

Бұдан бұрын «Qazcontent» АҚ басқарған Евгений Кочетов «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Евгений Кочетовтың өзі фейсбук парақшасында жазды. Айта кетсек, Стратегиялық бастамалар институты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 2016 жылы құрылған. Кочетов Евгений Дмитриевич Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін бітірген. Экономика магистрі. 2009-2013 аралығында «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы қызметтерін атқарған. 2013-2014 жылдары «Цесна» Корпорациясы» АҚ Девелопмент бөлімшесін басқарған. 2014-2016 жылдары ТОО «Kazakhstan Real Estate Group» ЖШС басқарма директоры болған. 2014-2016 жылдары ТОО «Kazakhstan Real Estate Group» ЖШС басқарма директоры болған. 2016 жылдың 1 қазанынан 2017 жылдың 12 мамырына дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты «Орталық коммуникациялық қызметі» РММ директоры қызметін атқарған. 2017 жылдың 12 мамырынан 2018 жылдың 10 қыркүйегіне дейін «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы болды.