«Нағыз үміткер – судьялық сыннан сүрінбеу керек»

«Нағыз үміткер – судьялық сыннан сүрінбеу керек»

«Нағыз үміткер – судьялық сыннан сүрінбеу керек»
ашық дереккөзі
Қазіргі уақытта заңнама тек судья лауазымын жүзеге асыру үшін қажетті формальды критерийлерді ғана қамтиды. Сонымен қатар, бірінші саты мен апелляциялық сот алқасы және касациялық сот алқасына судья лауазымына тағайындалатын азаматтарға нақты бір сынақтарды дайындап және оны дамыту керек. Бәсекелестіктің критерийлерінің обьективтілігі мен анықтығы- іріктеудің іргелі аспектісі болып табылады. Бәсекелестің белгілі бір лауазымға үміткерлердің сапасын жіктеу және бағалау мақсатында  , соның ішінде заңгер мамандығы бойынша және құқық қолдану практикасында қызмет ету ұзақтығын қоса алғанда, тиісті критерийлерді жариялауға болады. Судья лауазымына үміткерлерді іріктеу мақсатанда ұйымдастырылатын конкурсты  жариялау барысында үміткерлерге қойылатын нақты  талаптар мен  жіктеулерді жариялауды, сонымен қатар бағалау қалай іске асырылатыны және тәжірибе өтілі қанша уақыт қамтылуы қажет екендігі жариялануы керек. Конкурстің бірнеше күнге жалғасуына қарамастан, әр-бір бөлім қорытындысы талқылануы қажет, және де сол талқылауда үміткерлердің өздерінің қатысуымен конкурс ашық өтуге тиіс. Бұл дегеніміз- үміткерлердің жинақтаған тәжірибелерін заң жүзінде қалай қолдана алатындығын, шиеленіскен оқиғаларды қалай шешетіндігін, үміткердің  бойындағы этикалық қасиеті мен іскерлік аспетілерін байқауға және бағалауға мүмкіндік береді. Үміткердің білім сапасын көрсетіп,  конкурстың қорытындылары Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы керек. БАҚ да судья лауазымына үміткер ретінде ұсынылған азаматтардың білім сапасы мен іскерлік қасиетіне қатысты кеңес шешімі қоса жариялануы қажет, бұл дегеніміз конкурстың ашықтылығы мен айқындылығын көрстететіні һақ. Осы орайда көтеретін тағы бір мәселе ол мамандандырылған магистратура түлектерінің судья лауазымына тағайындалуы болып табылады. Мамандандырылған магистратураны бітірген үміткер сот саласында жылдық тәлімгерліктен өтуден, және  тағлымдамадан өткендігі туралы пленарлық отырыстың қорытындысын алу қажеттілігінен  босатылады. Өз басым оларды бір жылдық тағылымдамадан босатпауды ұсынатын едім. Бұл дегеніміз  оқу үрдісінің тәжірибелік бағытын тиімдірек қамтамассыз етуге болатынын аңғартады. Қазіргі кездегі тағылымдамадан өту үрдісі бойынша,магистратураның түлектерінене қарағанда – негізгі жұмыс орнынан үзіліс алып бір жылдық ақылы тағымдамадан өткен үміткерлердің тәжірибесі молырақ. Немесе магистратураның түлектері тұрақты мекен – жайлары бойынша судьяның көмекшісі ретінде бір жыл  пайдаланылады. Магистратура түлектерінің кәсіби және жеке қасиеттерін осылай тексеруге болады. Судья лауазымына үміткерлерді дайындау құқығын судьялардың көмекшісі институтына беру қажет деп ойлаймын. Менің білуімше аталған пилоттық жоба қазіргі таңда Астана қаласында жүзеге асырылуда. Судьялардың көмекшілерін қосалқы институт ретінде ғана емес, судьялық корпусты қалыптастыратын резерв ретінде де қолдануға болады. Судьялардың көмекшілері корпусын қалыптастыру үшін жас талантты мамандарды тартып, бес жыл бойы тәжірибе жүзінде тексеріп, жақсы мамандарды судьялыққа ұсынуға қажет. Судьялардың көмекшілерінің осы лауазымға үйреніп және алдағы уақытта жоғары жауапкерщілігі бар қызметті алып кетуге, өздігінен шешім қабылдауға бес жыл уақыты болады, сол уақыт ішінде басшылар олардың  кәсіби және жеке қасиеттерін анықтауына болады. Сондықтан, судья болғысы келетін судьялардың көмекшілерін дайындайтын магистратура деңгейінде арнайы жобалар ұйымдастыру керек. Осылайша, судья лауазымына кандидаттарды дайындайтын мемлекеттік механизим жүзеге асырылады. Сот төрелігі жүйесіндегі судьялардын көмекшісінің процессуалдық мәртебесін және оған жүктелген міндеттемелерді ескере отырып әлеуметтік кепілдіктерін күшейту маңызды, бұл судьялардың көмекшісі болып қызмет атқарғысы келетін қызметкерлердің жалпы деңгейіне әсер етеді.  

Дәурен Ниязбекұлы Тілеубаев   

Алматы қаласы

 Алатау аудандық                                                                         

сотының төрағасы

Дәурен Ниязбекұлы Тілеубаев