"Рухани жаңғыру": Жамбылда маңызды жобалар қолға алынды

"Рухани жаңғыру": Жамбылда маңызды жобалар қолға алынды

"Рухани жаңғыру": Жамбылда маңызды жобалар қолға алынды
ашық дереккөзі
 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске қосылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында республика бойынша түрлі шаралар қолға алынуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында маңызды шараларды ұйымдастырудан Жамбыл облысы да кенде емес. Жамбыл облысында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға биылғы жылға бөлінген 3 миллиард 50 миллион теңгеге 119 кіші жоба мен 73 іс-шара жүзеге асуда. Оның ішінде  350 миллион теңгесі жергілікті бюджет болса 2,7 миллиард теңгесі меценанттар есебінен қаржыландырылуда. Бұл туралы  «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали хабарлады. Басқарма Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруды тікелей үйлестіріп келеді. Оның аясында халықты рухани тұрғыда байыту мақсатында республикалық деңгейдегі танымал азаматтар мен зиялы тұлғалар шақырылып, кездесулер мен ауқымды шаралар ұйымдастырылды.  Бүгінде облыста 59 бұқаралық ақпарат құралы қызмет етсе, оның 14-інде мемлекеттің қатысу үлесі бар. Олардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары да басқарманың ұдайы назарында. Ішкі саясат басқармасы аталған бағыттардағы жұмыстарын жалғастыра бермек, одан бөлек бірқатар маңызды шараларды жоспарлы түрде атқаруды ойластырып отыр. Соның ішінде «Жерлестер» форумы, ҚР Президенті жанындағы  Стратегиялық зерттеу институтының сарапшыларының қатысуымен семинар-тренинг, Алаш әскерінің  құрылғанына 100 жыл толуына арналған дөңгелек үстел отырысы және «Ұлы дала рухы» фестивальдері өткізілетін болады. Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биыл 80-ге жуық іс-шара мен 122 жоба іске асырылады. Әсіресе әлеуметтік салаға басымдық берілмек. Жыл соңына дейін жалпы құны 1,7 миллиард теңге болатын 43 әлеуметтік нысанды пайдалануға беру жоспары бар. Қазір аймақта балабақша, спорт алаңдары, медпункт сияқты бірқатар нысан ел игілігіне беріліп жатыр. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Әулиеата өңірінің барлық ауыл, аудандарында қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бұл істе меценаттар белсенді. Олар өткен жылы «Туған жерге туыңды тік!» жобасы аясында жалпы құны 900 миллионға жуық теңге болатын 28 әлеуметтік нысан тұрғызды. Балабақша, медпункт, ауылды абаттандыру сияқты істерді қолға алған. Жуырда ғана еліміздің Еңбек ері өз қаржысына Тараздағы мөлтекаудандардың біріне спорт алаңшасын салып берді. Идеологиялық құжат Атамекен», «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны», «Туған жер» сияқты бірнеше жоба аясында іске асырылуда. Мәселен, бір ғана «Жаңғырған ауыл» жобасымен 10 ауданның 10 елді мекенінде әлеуметтік нысандар, жол салу, инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіледі. Бұл бағытта демеушілер мен аудан, ауыл әкімдері арасында үшжақты меморандумға қол қойылған. Өткен жылы өңірде  1,1 миллиард теңгені құрайтын 22 жоба мен іс-шара өткізілген. Ағымдағы жылы құны 3,8 миллиард теңге болатын 133 жоба мен 66 іс-шара қолға алынбақ. Мұндағы қаражаттың 3,4 миллиард теңгесін демеушілер арқылы тарту көзделген. Бағдарлама аясында өңірлік жобалық кеңсе құрылып, сарапшылар кеңесі өз жұмысына кірісті.  Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларына арналған интерактивті алаңдар ашылды. Өңірден шыққан 80-ге жуық кәсіпкер-меценаттардың  есебінен жалпы құны 817 миллион теңге болатын 23 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Биыл жалпы құны 1,5 миллиард теңге болатын 29 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілетін болады. Ұлы Жібек жолының бойындағы ежелгі қала ретіндегі Тараз шаһарының бай тарихын туризм кластерін дамытуда кәдеге жарату жоспары түзілді. Нәтижесінде, «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасының қасиетті 100 нысан тізіміне облыстан 8 тарихи-мәдени орны енгізілді.