Пентагон Мексикамен шекараға 8 мың сарбаз қоймақшы

Пентагон америка-мексика шекарасының оңтүстік-батыс бөлігіне бес мың әскери қызметкерді орналастырмақшы. Мұндай шешім мыңдаған босқындар АҚШ-қа өтуге талпынып жатқаннан кейін шыққан, деп хабарлайды  centralasian.org.

Осыған дейін шекарада 800-ге тарта сарбаз бар делінетін. Wall Street Journal газетінің жазуынша, бес мың сарбаз америкалық кеден қызметкерлерінің үштен біріне тең.

АҚШ Қорғаныс министрлігі жыл басынан бері ең мыңдай әскерді Мексикамен шекара аймағына жіберген.

Мексика аумағы арқылы АҚШ-қа қарай бет бұрып келе жатқан босқындар колоннасы америкалық БАҚ-тың басты назарында. Мигранттар ағыны Мексикамен көршілес елдерден келіп жатыр. Мексика үкіметі оралмандар үшін оларды жұмысқа орналастыруға байланысты арнайы бағдарлама жариялады. Америка өкілдері де босқын мәртебесін жедел қажет ететіндерге берілетінін мәлімдеді. Бірақ Мексика да, Америка да барлық босқындарды бірдей кіргізе алмайтынын жеткізді.

Back to top button