Женева конвенциясы қазақ тіліне аударылды

Женева конвенциясы қазақ тіліне аударылды

Женева конвенциясы қазақ тіліне аударылды
ашық дереккөзі
1949 жылы қабылданған Женева конвенциясы қазақ тіліне аударылды. Халықаралық құжаттың негізгі бөлімдерімен қатар қосымша хаттамалары да қоса тәржімаланды, деп хабарлайды «Хабар  24». Конвенцияның ана тілімізге аударылуына еліміздің Үкіметі мен Қызыл Крест халықаралық комитеті ұйытқы болған. Бүгін оның таныстырылымына аталған ұйымның вице-президенті Жиль Карбонье арнайы келіп қатысты. Ол аударманың Женева конвенциясының 70 жылдығы қарсаңында жарық көргенін атап өтіп, Қазақстанмен арадағы байланыстың жыл сайын бекіп келе жатқанын айтты. «Соңғы мәліметке сай біздің Қазақстан Республикасында өкілдігімізді ашу бойынша жүріп жатқан келісім аяқталуға жақын. Тек кеңсе ашумен шектелмейміз деп ойлаймын. Болашақта Қазақстан үкіметімен бірлесіп, аймақтық проблемаларды шешуге араласамыз деген жоспарымыз бар. Мемлекеттеріңіздің бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған халықаралық бастамаларын куәміз. Осы бағыт бойынша бірге жұмыс істейді көздеп отырмыз», - деді Қызыл Крест халықаралық комитеті президентінің орынбасары  Жиль Карбонье.