Қызылорда облысында цемент зауыты ашылады

Қызылорда облысында цемент зауыты ашылады

Қызылорда облысында цемент зауыты ашылады
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынып жатқан цемент зауыты желтоқсанның басында іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24». Жылына 1 млн тонна өнім шығаруға қауқарлы өндіріс ошағының болашағы зор. Себебі мұнай-газ атом және ғарыш саласына тампонажды цемент аса қажет. Кәсіпорын құм, доломит, әк және қиыршық тас секілді шикізат түрлерін осы Шиелінің төңірегінен алады. Құрылысы мен жоғары технологиялы қондырғыларына 178 млн доллар жұмсалған жоба жүзеге асырылғаннан кейін импортталатын құрылыс материалдарының көлемі едәуір азаяды. Сондай-ақ ішкі нарық цементке деген тәуелділіктен арылады. Қазақ-қытай біріккен кәсіпорны дайын өнімдерін ел аумағынан бөлек, Өзбекстан, Қырғыз еліне және Түрікменстанға саудаламақ. Зауыт іске қосылғанда, 250-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. «Бүгінгі күні 48 жас маман ҚХР-ға барып, 3 ай сынақ-оқудан өтіп келді. Олар тұрақты жұмысқа еңбек келісімшартын жасасуда. Сонымен қоса аудан орталығындағы индустриалды аграрлық колледжде 80 бала оқиды. Сол 80 бала осы жерге жұмысқа тұрады деген үміттеміз», – деді  Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Смағұлов.