Жаңалықтар

Мамандықты дұрыс таңдау маңызды!

ашық дереккөзі

Мамандықты дұрыс таңдау маңызды!

 Қазіргі ғылыми – техникалық үдерістің үздіксіз, қарқынды дамуы - білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Қоғамға қажетті мамандық таңдау – басым бағыттардың бірі.  Осы орайда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Тараз қаласында «Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумы ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат — Елбасы Жолдауын, “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасын, “Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру” жобасын жүзеге асыру және кәсіби бағдар жұмыстарының сапасын арттыру, кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтарын насихаттау. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Менің бастамам бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ, кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек» деп атап көрсеткен болатын. Форумның мақсаты - Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту. Форумның міндеттері: өзінің өмірлік жолын, ізденіс қызметін жобалау жағдайында жүрген білім алушылардың қызығушылықтарын жандандыру; кәсіби өзін-өзі анықтау сұрақтарында жоғары сыныптағылардың тиімді қоғамдық маңызды қызметін қолдау және дамыту; жасөспірімнің болашақ мамандық таңдауда отбасымен, мектеппен, шығармашылық ұжыммен және қоғаммен қарым-қатынастың инновациялық түрлерін дамыту. Аталған акция Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отыр. Жалпы алғанда, адам өзінің болашақ кәсібіне түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ол арманының орындалуы, енді басқалар үшін жаңалыққа, дербестікке талпыныс десек, кейбіреулердің алдында әйтеуір бір маман иесі атану міндеті тұрады. Ал түптің түбінде мамандық таңдау үшін адам өз бейімділігін тануы қажет.  Дұрыс таңдалмаған мамандық адамның өзіне де, қоғамға да кері әсерін тигізеді. Сондықтан, шақырылған қонақтар осы мәселеге қатысты жас ұрпаққа тағылымды ой айтып, оң бағыт – бағдар берді. Өз кезегінде оқушылар да болашаққа таңдаған мамандықтары төңірегінде әңгімеледі. Олардың армандары асқақ, мақсаттары биік. Ұйымдастырушылар ақпараттық технологияны пайдалануда өзіндік ойы бар, бәсекеге қабілетті, зерделі креативті тұлға қалыптасуына бағытталған акция өз жемісін береді деп сенеді. Жиын соңы концерттік бағдарламамен түйінделді. Облыстық форумға 200-ге жуық 8-11 сыныбының оқушылары қамтылады. Форум «Осындай мамандық бар» атты компьютерлік презентациялар байқауы, «Мамандықты таңдайтын уақыт» – жобалар байқауы, «Мен маманадықтар әлемінде» - әдеби байқау (эссе) және «Мамандық кеше, бүгін, ертең» атты көңілді тапқырлар клубы сайысы номинацияларынан тұрды. Осы төрт бөлім бойынша жеңімпаз атанған топ қараша айында Астана қаласында өтетін республикалық форумға жолдама алады. Сондай-ақ, барлық жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Форумның мақсаты еліміздегі еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті мамандықты сәтті таңдауға, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби қызметке тартуға  бағытталған. Қазақстанда сұранысқа ие болашақ мамандықты сәтті таңдау және білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту мақсатында ұйымдастырылған сайыс соңында жеңімпаздар Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл байқаудың оқушылардың рухани жетілдіру жағынан және балалардың кәсіпті дұрыс таңдай білуіне тигізер маңызы өте зор.