Жаңалықтар

Жамбыл облыстық филармониясына - 50 жыл

ашық дереккөзі

Жамбыл облыстық филармониясына - 50 жыл

Тараз қаласында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының 50 жылдық мерейтойы тойланды. К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы Жамбыл қаласында Қазақ ССР Министрлер кеңесінің 1967 жылғы қараша айының 25 жұлдызындағы қаулысы негізінде Жамбыл облыстық кеңесі еңбекшілер депутаттары атқару комитетінің 1968 жылғы қаңтар айының 30 жұлдызындағы шешімімен құрылды. 1997 жылғы қаңтар айының 15 жұлдызынан бастап облыстық филармония «Баласағұн» орталық концерт залының ғимаратында өз жұмысын жүргізіп келеді. 1970 жылдардан бері облыстың түкпір-түкпірінен келетін таланттардың табан тірер жері облыстық филармонияға да міне, 50 жыл толып отыр. Осындай айтулы мерекеге орай, 50 жылдық үлкен тарихы бар мекеме мерейтойды тойлау, филармонияның тарихында өшпес із қалдырған өнерпаздарды таныстыру, Әулиеата өңірінің абыройын арттырып, келер ұрпаққа мұра қалдыру мақсатында дүбірлі той өткізуді жоспарлап отыр. Мерейтой аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың 2018 жылдың 9-тамызындағы №485-ші қаулысы бойынша Жамбыл облыстық филармониясына қазақ даласын сазға бөлеген Кенен Әзірбаевтың есімі берілді. Мерейтойға орай «Баласағұн» орталық концерт залының 2-қабатында баспасөз конференциясы тыңдалып, «Ән қанатындағы Әулиеата» атты кітабы мен «Әуені әсем Әулиеата» атты CD жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараны ашып беру сөзі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дұйсенәлі Бықыбаевқа берілді. Құттықтау сөз кезегі арнайы шақыртылған құрметті қонақтар Мәдениет қайраткері Төрткен Кененқызына, Қазақстан Республикасы Журналистер және жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Кененұлына  және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Жабал Ерғалиұлы Ерғалиевқа берілді. Салтанатты рәсімде 50 жылдыққа орай филармонияның 50 қызметкері мен әртістер құрамы «Жамбыл облысы әкімінің құрмет грамотасымен», «облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының», «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметі кәсіптік одақ бірлестігінің», «Жамбыл облыстық филармониясының директорының» алғыс хаттарымен марапатталды. Іс-шараны тамашалаушылар үлкен залға «Әуені әсем Әулиеата» атты мерекелік гала концертке шақырылды. 4 қазан 18.00-дегі гала концерт «Жарты ғасыр – жалынды сәт» атты деректі фильм көрсетілімінен басталды. Концерт барысында Кенен Әзірбаевтың оброзы сомдалып, дарынды композитордың «Құлақ» күйімен ашылды. Құттықтаулар облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы Манжуовқа, Бақытжан Кененұлына, Жабал Ерғалиұлы Ерғалиевқа берілді. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хаты оқылды. Екі сағатқа созылған мерекелік концерт соңында облыс әкімінің өнер ұжымына деген Ықылас гүлі тапсырылады. Арнайы қонақтарға СД топтамалар мен кітап басылымдары, Кенен Әзірбаевтың бейнесі тоқылған кілемшелер сыйға тарту етілді. Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының 50 жылдығына орай, Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт кешенінде Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының “Рухани жаңғыру ” бағдарламасын ілгерілету, жастарды салауатты өмір салтына жұмылдыру, қарым қатынасты қалыптастыру мақсатында ер-азаматтар арасында«Спорт.Шабыт.Бәсеке» атты шағын футболдан турнир өтті. Аталмыш жарысқа 8 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Жарысқа қатысушылар шағын футболдан сынға түсті. Күні бойы спорт кешенін дүбірге бөлеген жарыста бақтарын сынады. Нәтижесінде Облыстық халық шығармашылығы арасындағы шағын футбол бәсекесінде жас шамасына қарамастан құрама мүшелері жүйрік әрі шапшаң қалпында екендігі байқалды. Себебі ақтық финалда Облыстық халық шығармашылығы II-орынды қанжығасына байлады. Жарыс соныңда жүлдегелер арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.