Жаңалықтар

Үздік инновациялық жоба анықталды  

ашық дереккөзі

Үздік инновациялық жоба анықталды  

Ағымдағы жылдың 24 қазан күні дәстүрлі «Zhastar Innovation» байқауының қорытындысы жарияланды. Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырған байқауға биыл 200-ге жуық жұмыстар келіп түскен. Олардың арасында өнертапқыш жастармен қоса бастауыш кәсіпкерлерде болды. Ал 2-ші орын жеңімпаздарына «Жаңа ұрпақ» Республикалық көшбасшылар мектебіне бір жылдық тегін оқу мүмкіндігі, 3-ші орын иегерлеріне Ілияс Батыров өзінің Қазақстандағы №1 ораторлар клубына үш айлық абономентке жолдама тарту етті. Сондай-ақ, жобалармен танысып, көңілінен шыққан әлеуметтік «Fortitude» жобасына "AssylTas" қоры да арнайы сыйлығын ұсынды.  «Fortitude» жобасы мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда өзін жат сезінбеуі үшін қолынан келгенше еңбек етіп өз табысын өздігінен табуда. Сол сияқты жұмыс жасауға ынталы мүмкіндігі шектеулі жастарды оқытып, өзгелермен тең дәрежеде қызмет етуіне жәрдемдеседі.  Қордың құрылтайшысы Нұржан Өкімбаев жобаны жасаған жастарға алғысын білдіріп, әрдайым көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді. Бұған қоса, жоба аясында білім алған Алмас есімді жігітті жұмысқа қабылдайтындарын айтты.