ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ  АСТАНАСЫ

ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ  АСТАНАСЫ

ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ  АСТАНАСЫ
ашық дереккөзі
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қала күні» мерекесінің қарсаңында «RIXOS KHADISHA TURKESTAN» бес жұлдызды қонақүйінің капсуласын салу рәсіміне қатысты. Жиында аймақ басшысы атқарылып жатқан бұл шаралардың Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени астанасы етудің алғышарты екенін атап өтті. – Біздің облыс тарихи-мәдени мұралар мен ескерткіштерге бай өңір. Мұндай жерлерге туристер көптеп ағылатыны мәлім. Сондықтан да біз туристік инфрақұрылымды барынша жақсарта түсуіміз керек. Яғни, шетелдік қонақтарды жоғары деңгейде күтіп алу үшін өңірдегі әуежай және теміржол желілерінде сапалы қызметтер көрсетілуі тиіс. Бұл тұрғыда қонақүйлердің де деңгейі жоғары болуы үлкен мәнге ие. Демек, қаламыз қонақтардың жүріп-тұруына ыңғайлы болса, келетін туристердің саны да арта түседі. Осы ретте, өз қаражаты есебінен осындай зәулім ғимарат салғалы жатқан «Саутс Ойл» компаниясының басшысы Серікжан Сейтжанов мырзаға алғыс білдіремін, – деді Жансейіт Қансейітұлы. 120 орынға шақталған қонақ үй 3 гектар аумақта бой көтереді. 6 қабаттан тұратын ғимаратта 3 мейрамхана, кинотеатр және іскер топ өкілдері үшін бизнес орталықтар жоспарланған. Жобаның жалпы құны 10 млрд теңгені құрайды. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2019 жылдың желтоқсан айында аяқталмақ. Бұдан бөлек, облыс әкімі «ROYAL GRAND HOTEL» қонақ үйінің ашылуына қатысты. 2016 жылы құрылысы басталған ғимараттың жалпы аумағы 1,5 мың шаршы метр. Қонақ үй тәулігіне 60 адамға қызмет көрсетеді. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған қонақүй кешенінде кіші маркет, шаштараз, дәмхана, монша және дәріхана жұмыс істейді. Одан бөлек, мұнда қонақтарға арналған жеке автотұрақ қарастырылған.

Сейітхан Зеберханұлы