Темір тұлпар тізгіндеушілер көбейді 

Темір тұлпар тізгіндеушілер көбейді 

Темір тұлпар тізгіндеушілер көбейді 
ашық дереккөзі
Елімізде жыл басынан бері құны 140,9 миллиард теңгеге бағаланатын 22 мың 709 автокөлік шығарылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар бар. «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы таратқан ақпаратқа сәйкес, жеңіл автомобиль өндіру 82, 6 пайызға өсіп, 21 137-ге жетті. Сондай-ақ, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша автобус шығару 1,9 есеге қысқарса, жүк көліктерін өндіру 17,2 пайызға төмендеді. Ал арнайы техниканы шығару деңгейі 144-тен 151-ге дейін өсті. Жыл басынан бері отандық автозауыттар өткізген көліктер 20 мың 644-ке жетіп, бұл көрсеткіш былтырғы деңгейден 58,2 пайызға артық болды. «Отандық автозауыттар өткізген көлік саны жыл басынан бері 20 644-ке жетті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 58,2%-ға жоғары. Ал «ҚазАвтоӨнеркәсіп» кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылдың осы кезеңінде 36,8 пайыз болса, биыл 47,3 пайызға дейін өсті. Халықтың өз елімізде шыққан автомобильдерді сатып алу үшін жұмсаған қаржысы 119,7 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 59,6 пайызға жоғары. Қолданыстағы автомобильдердің әрбір екіншісі өзімізде құрастырылған», ‒ деді «ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алфёров.