Мемлекеттік қызметкер – маңызды буын
Мемлекеттік қызметкер – маңызды буын
Жуырда Алматы қаласындағы мемлекеттік қызметкерлер «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын талқылады. Дәл осындай жиындар еліміздегі көптеген мемлекеттік мекемеде өткізіліп жатыр.
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті де өз кезегінде Жолдаудың мән-маңызын насихаттауда. Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында айтылған Жолдауды түсіндіру жұмыстары белсенді басталып кетті. Осыған орай, ақпараттық-насихаттау тобы құрылды, топтың құрамына департаменттің өкілдері, медицина қызметкерлері, Алматы қаласының әдеп жөніндегі уәкілі кірді. Ақпараттық-насихаттау тобы өз жұмысын Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметшілері арасында бастады.
Кездесу барысында департамент басшысы Данияр Таумұрат денсаулық сақтау саласының сапасы мен қолжетімділігіне, мемлекеттік қызметтің беделінің артуына, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктерді ұсыну мәселелері бойынша жолдауды іске асыру жөніндегі шаралар қабылдануы туралы атап айтты. Мемлекет басшысы айтқандай, мемлекеттік қызметкерлер алдына қойған мiндеттерді iске асыру халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатын медициналық қызмет сапасын арттыру арқылы жүзеге асыруға болады. Осы мақсатта, департамент орталық клиникалық ауруханамен қаладағы мемлекеттік қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету мәселесі бойынша меморандумға қол қойды. Президент өз Жолдауында маңызды бағыттардың бірі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру қажеттілігін атап өтті. Белгілі болғандай, жылдың басынан республиканың төрт мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлеудің жаңа жүйесінің жобасы енгізілді. Данияр Таумұраттың айтуынша, жаңа жүйемен жалақыны төлеу мөлшері жұмыстың сипаты мен күрделілігіне, сондай-ақ, қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне жетуіне байланысты. Осы жүйе бойынша мемлекеттік қызметкердің кірістері екі бөліктен қалыптасатыны айтылды. Олар: кепілді лауазымдық жалақыдан және бонустардан тұрады.
Факторлық-баллдық шкаласының жүйесі негізінде мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысының өсуі олардың ел үшін адал жұмыс істеуіне мотивацияны көтерудің тиімді шешімі. Кездесуде сөз алған спикерлер, қаладағы мемлекеттік органдар жұмысының оң динамикасын атап өтті. Сондай-ақ, департамент атқаратын еңбек және әлеуметтік мүдделерді қорғау жұмыстары туралы да айтылды. Әдеп жөніндегі уәкілдің маңызды рөлі атап айтылды, ол мемлекеттік қызметкерлердің әдептілік нормаларын сақтауға, коллективте қолайлы жағдай жасап, дұрыс жұмысқа бағытталған шараларды жүзеге асырады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында: «Үкіметтің әрбір мүшесі, мемлекеттік органдар мен компаниялардың басшылары алға қойылған міндеттердің орындалуына дербес жауап беретін болады» деген болатын. Осы мақсат-міндеттерді алға тартқан департамент мүшелері жиын барысында Жолдауды кең көлемде талқылады.
Департаменттің басқарма басшысы мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бағалаудың маңызды критерилерін белгілеп, жалақы төлеудің жаңа жүйесіне әсер етуі туралы және тұрғындардың өтініштерін қарауда тығыз өзара әрекеттесуге шақырды. Белсенді цифрлау және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыруы, халықпен мемлекеттік қызметшілердің тікелей байланыс құралдардың төмендеу негізі ретінде, түсіндіру жұмысының жүйесі, мақсатты аудиториялармен оқу өткізуі көрінеді. Бұл сыбайлас жемқорлықты азайтады, Жолдауда осыған ерекше екпін жасалды. Елбасы жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырған еді. Бұл түйткілді мәселеде тәртіп керектігін де алға тартқан болатын. Осы орайда олардың нақты инвесторларға берілуі де сөз болған. Алдағы уақытта «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі тәжірибе басқа өңірлерге таралмақ. Жиын барысында осы айтылған бағыттардың тетіктері жан-жақты қамтылды. Жалпы, семинар қатысушылары Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мәселелердің маңыздылығын және жүзеге асыруда өз ықпалын тигізуге дайындығын білдірді.
Дәл осы жиыннан кейін Алматы қалалық кірістер комитетінің қызметкерлері тағы бір алқалы жиында бас қосты. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы жайында кең көлемді баяндама оқыды. Жолдауда айтылған елеулі өзгерістер мен тың жобаларға қолдау көрсету керек, ел дамуы мен жастар болашағының кепілі осындай Жолдаулар деді өз сөзінде. Ресми баяндамадан кейін қызметкерлердің салық мәселелері мен мемлекеттік қызмет жөніндегі сауалдарына жауап берілді. Жиынның екінші бөлігі дөңгелек үстел аясында жалғасын тапты.