РЭжБӘИИ қабырғасында қызу дебат өтті
РЭжБӘИИ қабырғасында қызу дебат өтті
Республикамыздың түрлі аймақтарынан 33 жоғары оқу орындары атынан келген фракциялар саны 92-ге жетті. Әскери тақырыпта маңызды әрі түйткілді мәселелер талқыға түсіп, жан-жақты пікірлер ортаға салынған Алматы, Тараз, Шымкент, Талдықорған және Қостанай қалалары студенттері мен курсанттарынан құралған дебатшылар саны 450-ге жетті. РЭжБӘИИ дебат клубы мүшелері институт басшылығының қолдауымен азаматтық оқу орындарының студенттері әскери қызметшілердің өмірімен мейлінше қанық болуға және салмақты ойлармен білім қоржындарын толықтыруға барынша күш-жігерлерін салды. Дебатшылар бұлтартпас дәлелдері және тапқыр шешендік қырларымен ерекше танылып, жүлделі орындарды, яғни бірінші орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, екінші орынды Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, үшінші орынды Шымкент мемлекеттік университеті және С.Демирел атындағы университет өзара бөлісті. Жеңімпаздар институт бастығының кубоктарымен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.