Алматыда "Сарбаз Рейс" әскери-спорттық ойыны өтті

Алматыда "Сарбаз Рейс" әскери-спорттық ойыны өтті

Алматыда "Сарбаз Рейс" әскери-спорттық ойыны өтті
ашық дереккөзі
Алматыда Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің және Алматы қаласы Жастар саясатының ұйымдастыруымен студенттер арасында "Сарбаз Рейс" әскери-спорттық ойыны өтті. "Sarbaz Race" әскери-патриоттық ойыны ҚР ҰҚК Шекара қызметі Академиясы базасында өткізілді.  width= Әскери-патриоттық ойынға Алматы оқу орындарының командалары қатысты. "Sarbaz Race" салтанатты ашылуы ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Әскери - патриоттық ойынға қолдау дәне қатысуға "Киров" әскери-спорттық клубының тәрбиеленушілері атсалысты. Жарыс соңында бірінші орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері иеленіп, үздік нәтиде көрсетті. Ал қалған орынды Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері иеленді. Жеңімпаздар сертификаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара аяқталғаннан кейін далалық асүйдің дәмді сарбаз ботқасы берілді. Айта кететіні осы шара бірінші рет Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті және "Экстремальная Атлетика" ББ әртүрлі жастағылармен өткізілген болатын.