Байқоңыр апатта қаза тапқан мамандарды еске алды

Байқоңыр апатта қаза тапқан мамандарды еске алды

Байқоңыр апатта қаза тапқан мамандарды еске алды
ашық дереккөзі
Байқоңырда 1960 және 1963 жылдары 24 қазан күні ғарыш айлағында болған апат құрбандарын еске алу шаралары өтіп жатыр, деп хабарлайды centralasian.org. Сарбаз паркінде орнатылған мемориалда апатта қаза тапқан сынақшы мамандарды еске алған қаралы жиын болды. ҚазТАГ-тың хабарлауынша, еске алу шарасына кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлері, ардагерлер, оқушылар мен студенттер қатысты. Еске алу шарасы 41 және 70-ұшыру алаңдарында да болады. Бұл жерде апат болған орындарға гүл шоқтары қойылады. 1960 жылы 24 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағының 41-аумағында (бұрынғы СССР қорғаныс министрлігінің 5-полигоны) зымыран ұшыру тарихындағы ең ірі апат болған. Ұшу алаңында ғарышқа самғағалы тұрған Р-16 зымыранында жарылыс болып, өрт салдарынан зымыран жанында болған 74 адам қаза тапқан, 50-ден аса адам жараланған. Арада тура үш жыл өткенде, 1963 жылы 24 қазанда ғарыш айлағының 70-аумағында Р-9 зымыраны ұшуға орнатылатын шахтада өрт шығып, тоғыз адам опат болған. Осы екі апатқа байланысты әр жылы қазанның 24-і Байқоңырда апатта қаза тапқандарды еске алу күні болып белгіленген. Бұл күні ғарыш айлағында барлық жұмыс тоқтатылып, зымыран ұшырылмайды.