2400 жыл бұрын суға батқан әлемдегі ең ежелгі кеме табылды

2400 жыл бұрын суға батқан әлемдегі ең ежелгі кеме табылды

2400 жыл бұрын суға батқан әлемдегі ең ежелгі кеме табылды
ашық дереккөзі
Қара теңізде Болгария жағалауынан 2400 жыл бұрын суға батып кеткен грек сауда кемесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-би-сиға сілтеме жасап. Бұл су астында жақсы сақталған және бұрын-соңды табылған заттардың ең ежелгісі. 23 метрлік кеме бір жанымен қисайып жатыр. Оны ағылшын-болгар зерттеушілер командасы Болгарияның Бургас қаласындағы жағалаудан 80 шақырым қашықтықтан тапқан. Рулі, ескекші орындығы және түрлі керек-жарақтар жақсы сақталған. Табылған кеме - бұрынғы уақытта Грек аралдары мен Жерорта теңізінің арасында Қара теңіз арқылы қатынаған су көліктерінің бірі. Суға батқан кеменің қандай жүк тасыған әзірге белгісіз. Зерттеушілердің айтуынша, бұған көп уақыт керек. Әзірге олар кеменің ішіне кіре алмаған.