Əзірет Сұлтан мешітіне жаңа Бас имам тағайындалды

Əзірет Сұлтан мешітіне жаңа Бас имам тағайындалды

Əзірет Сұлтан мешітіне жаңа Бас имам тағайындалды
ашық дереккөзі
Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы және ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды muftyat.kz сайты. Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қатысуымен жиналыс өтті. Жиында Бас мүфти бұйрығымен бiрiншi наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы және Астана қаласының өкілі болып тағайындалғаны жария етілді. Жиналыс барысында Бас мүфти жыл басынан бергі жағдайларды сараптай келе Елордамыздың діни өміріне ықпалды өзгерістер енгізіп, жандандыра түсуге Наурызбай қажы Тағанұлындай білікті басшының қажет екенін атап өтті. Жақында ғана жаңадан ашылған Түркістан облысындағы ҚМДБ Кеңсесінің жұмысын да жолға қойып, жаңа құрылымға жан бітірген қызметін де айрықша бағалайтынын атап өтті.