Қазақстан желтоқсанда e-freight жүйесін енгізеді

Қазақстан желтоқсанда e-freight жүйесін енгізеді

Қазақстан желтоқсанда e-freight жүйесін енгізеді
ашық дереккөзі
2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда e-freight жүк авиатасымалдары саласындағы қағазсыз құжат айналымының ақпараттық жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2016 жылғы желтоқсанда e-freight мемлекеттік-жекешелік жобасы басталды. Биыл 14 маусымда жеке инвестормен мемлекеттік-жекешелік шартына қол қойылды. 2018 жылдың желтоқсан айында ақпараттық жүйені енгізу жоспарлануда. Осы ақпараттық жүйенің енгізілуіне байланысты жүк тиеу уақыты 1-ші күннен бастап 1 сағатқа қысқарады»,-  деді министр. Айта кетейік, e-Freight - Жүк әуе тасымалдарын қағазсыз рәсімдеу және оларды сүймелдеудің халықаралық стандарты.