БҚО-да балалардың ойынынан  от шықты

БҚО-да балалардың ойынынан  от шықты

БҚО-да балалардың ойынынан  от шықты
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында балалардың ойынынан от шықты. Салдарынан Жаңақала ауданына қарасты Сүгірәлі ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде 156 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 430 шаршы метр аумақты шарпыған өрт бес сағатқа созылыпты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД 5 өрт сөндірушісі, мамандандырылған 2 техника бірлігі және ерікті өртке қарсы құрамның 24 қызметкері жұмылдырылған.