«Реалдың»қорғаушысы Марсело қыста клубын ауыстыруы мүмкін

«Реалдың»қорғаушысы Марсело қыста клубын ауыстыруы мүмкін

«Реалдың»қорғаушысы Марсело қыста клубын ауыстыруы мүмкін
ашық дереккөзі
Мадридтік "Реалдың" бразилиялық қорғаушысы Марсело қыста клубын ауыстыруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Calciomercato сайтына сілтеме жасап.  Бразилиялық жігіт басшылығына хабарды айтып қойыпты. Футболшы бұрындары бір клубта өнер көрсеткен португалиялық Криштиану Роналду ауысқан туриндік "Ювентуске" барады. 29 тамызда Роналдудың өзі "Ювентустың" басшылығына Марселоны алуды сұраған. Португалиялық футболшы мен оның агенті "Реал" қорғаушысын 50 миллион еуроға жуық сомаға сатып алмақшы. Роналду Ювентуске 2018 жылдың жазында қосылды. Турин клубы 33 жастағы футболшыға 100 миллион еуро төлеген.  Марсело 2007 жылдан бері "Реал" клубында ойнайды. Қорғаушы корольдік клубта 326 матч өткізіп, 24 рет қарсыластардың қақпасына доп салған. Марсело Испанияның төрт дүркін чемпионы. Сонымен қатар бразилиялық спортшы мадридтердің құрамасында Чемпиондар Лигасын жеңді. Футболшы Бразилия құрамасына үнемі шақырылып тұрады. Ол ұлттық құрамда 58 ойынға шығып 6 гол соққан. "Селесаомен" бірге Марсело 2013 жылы Конфедерация кубогының жеңімпазы атанды.