Хашогги өлімі: Халықаралық қауымдастық Сауд Арабиясына сенбей отыр

Дональд Трамп Джамал Хашоггидің өліміне қатысты Сауд Арабиясының ұсынған тергеу қорытындысына көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған телефонмен сөйлесіп, тілшінің Сауд Арабиясының Ыстамбұлдағы консулдығында қаза табу ісін толық ашу қажет деген тұжырымға келді. Осыған орай, АҚШ-тың орталық барлау басқармасының басшысы Джина Хаспел Түркияға жол тартты. Халықаралық қауымдастық та Хашоггидің өліміне бейтараптылық көзқарас танытпай отыр. Бірқатар мемлекет басшысы оқиғаның алдын ала жоспарланғанына күмәні жоқ екенін айтады. Жуырда Берлин Үкіметі Сауд Арабияға қару-жарақ экспортын уақытша тоқтатып, неміс билігі қылмыстық іске қатысты тергеуді әрі қарай жалғастыру керек деген талап қойды.

Back to top button