Қазақстанның халық жазушысы Т.Әбдірахмановаға ескерткіш қойылды

Қазақстанның халық жазушысы Т.Әбдірахмановаға ескерткіш қойылды

Қазақстанның халық жазушысы Т.Әбдірахмановаға ескерткіш қойылды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында белгілі ақын, Қазақстанның халық жазушысы Тұрсынхан Әбдірахмановаға ескерткіш қойылды, деп хабарлайды деп хабарлайды «Хабар 24». Тұғырымен қоса есептегенде, биіктігі 6 метр болатын мүсін қоладан жасалған. Туындының авторы – бұған дейін де Абай, Құнанбай, Ақтамберді жырау сияқты тұлғаларды сомдап үлгерген жас мүсінші Нұрбол Қалиев. Осы өңірде туып өскен қоғам қайраткері Тұрсынхан Әбдірахманова еңбек жолын Ұлы Отан соғысы жылдары бастады. Қарапайым мұғалімдіктен Ұлттық ғылым академиясындағы жауапты қызметтерге дейін көтерілген қаламгер әдебиет пен мәдениеттің дамуына зор үлес қосты. Ғалымның шығармашылығы мен мол мұрасы туралы республикалық ғылыми практикалық конференцияда да жан-жақты сөз болды. «Іскер азаматтардың ескерткіш қоюға қол ұштарын бергені қуантты. Аудан көлемінде мұндай ескерткіш қою – қуанышты нәрсе», – ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есім.