Берлин Сауд Арабиясына қару экспортын тоқтатты

Берлин Сауд Арабиясына қару экспортын тоқтатты

Берлин Сауд Арабиясына қару экспортын тоқтатты
ашық дереккөзі
Берлин Сауд Арабияға қару-жарақ экспортын уақытша тоқтатты. Бұл туралы осы елдің канцлері Ангела Меркель Берлинде өткен баспасөз конференциясында хабарлады, деп  жазды  «Хабар 24». Оның айтуынша, бұндай шешімнің қабылдануына негізгі себеп саудиялық оппозициялық журналист Жамал Хашкаджидің өлімі болды. Осылайша, неміс билігі қылмыстық іске қатысты тергеуді әрі қарай жалғастыру керек деген талап қойып отыр. «Бұл қылмыстық іс бүге-шүгесіне дейін тағы да тергеліп, кінәсі дәлелденгендер жазалануы керек. Осыған орай қару-жарақ экспорты тоқтатылды. Бұл халықаралық деңдейде әлі де талқыланатын болады», - деді Германия канцлері Ангела Меркель. Еске сала кетейік, жуырда Сауд Арабиясының ұлттық телеарнасы Хашкаджидің  Ыстамбұл қаласындағы консулдығында өлгенін хабарлады. Ақпарға қарағанда Хашкаджи ғимараттағы адамдармен сөзге келіп, төбелес шығып, соңында журналист қаза тапқан. Осы іске қатысты корольдықтың 18 азаматы тұтқынға алынып, 2 жоғары лауазымды тұлға отставкаға кетті.  БҰҰ тез арада ашық әрі жан-жақты тергеу жүргізуді талап етті. Ал, АҚШ президенті Дональд Трамп «Сауд Арабиясы жақсы одақтас мемлекет, бірақ журналистің өлімі қарама-қайшы әрекет» дегенді алға тартты.