Қытайдың көмір шахтасында апат болды

Қытайдың көмір шахтасында апат болды

Қытайдың көмір шахтасында апат болды
ашық дереккөзі
Қытайдың ШаньдУн провинциясындағы көмір шахтасында тау жынысы құлап үйінді астында қалған 22 кеншінің үшеуі қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24». Бір адам құтқарылды. 18 адамның жағдайы әлі де беймәлім. Апат жергілікті уақыт бойынша, түнгі сағат 11 кезінде орын алған. Шахтада жұмыс істеп жатқан 334 маманның 312-сін құтқарушылар сыртқа шығарып үлгерген. Оған 170 құтқарушы, оның ішінде дәрігерлер мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Жергілікті билік опат болғандардың қатары әлі де өсуі мүмкін екенін айтады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, тау жынысы құлаған кезде су бұрғыш тунелі қираған. Қазір вентиляция жүйесі қалыпқа келтірілді. Құтқару-іздестіру операциясы әлі де жалғасып жатыр.