Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты
ашық дереккөзі
Индонезияның  Сулавеси аралында болған зілзала және одан туындаған цунами салдарынан келген жалпы залал туралы ақпараттар таралды. Экономикалық залалдың көлемі 911 млн АҚШ долларына жуықтады, деп жазады The Jakarta Post газеті дүйсенбіде елдің Апаттар салдарын жою жөніндегі ұлттық агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.  Агенттіктің ресми өкілі Сутопо Нугрохоның айтуынша, бұл - тек алдын ала деректер, бұл цифр әлі өсуі мүмкін. Апат салдарынан 68 мың үй қирап, 223 мың тұрғын баспанасын тастап кеткен, жүздеген медициналық, оқу және үкімет ғимараттары үгітіліп түскен. Соңғы деректерге қарағанда, зілзала және одан туындаған цунамиден 2256 адам опат болған, ал зардап шеккендер саны 10,6 мыңнан асты. Құтқарушылардың айтуынша, орталық Палу қаласының маңындағы екі елді мекеннің өзінен 5 мың адам хабар-ошарсыз кеткен. Ал табиғи апат болған аймақта жалпы 4 млн адам тіршілік кешіп жатқан. Еске сала кетейік, 28 қыркүйекте Индонезияның Сулавеси аралында жер сілкініп, артынша цунами болған. Алғашқы деректер бойынша, апат салдарынан қаза тапқандар саны 30 адамнан кем емес деген ақпарат таралған болатын.