«Магнум» супермаркеті өртенді

«Магнум» супермаркеті өртенді

«Магнум» супермаркеті өртенді
ашық дереккөзі
Алматыда Жетісу-3 шағын ауданында орналасқан «Магнум» супермаркеті өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өрт туралы хабар «101» қызметіне таңғы сағат 06:56-да келіп түскен. «Алғашқы өрт сөндірушілер тобы 07:03-те оқиға орнына жетті. Анықталуынша, екі дүңгіршек өртеніп, артынша жалын кіреберіс бөлігінің шатырына өткен. Ғимараттың түстігіндегі қабырғасына да зақым келген. Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеттерінің нәтижесінде өрттің көршілес дүңгіршіктерге өтуіне жол берілмеді», - деп мәлімдеді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. Өрт 07:29-да ауыздықталып, 07:38-де толықтай сөндірілді. Өрттен ешкім зардап шекпеді.