Алматыда ән фестивалі өтті

Алматыда ән фестивалі өтті

Алматыда ән фестивалі өтті
ашық дереккөзі
Бүгін Алматықаласы Түрксіб ауданына қарасты Алматы жолаушылар көлігі және технология колледжінде "Алтын жұлдыз" атты ән фестивалі өтті. Бұл ән фестиваліне жалпы білім беретін оқу орындарының, колледждердің әскери-патриоттық клубтарының 9 жастан 18 жасқа дейінгі тәрбиеленушілері қатысты.  width= "Алтын жұлдыз" әскери-патриоттық ән фестивалінің мақсаты - Алматы қаласындағы жас армияшылар қозғалысын, жастар ортасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен әскери қызметтің имиджін арттыру. Фестивалдың негізгі міндеттері - жастар мен балалар арасында патриоттық тәрбиелеуді қалыптастыру, Қазақстанның көп ұлтты мәдениеті мен дәстүрін дәріптеу, жан-жақты талантты жастарды анықтау. Сондай-ақ әскери-патриоттық әндерді орындаушылар мен олардың авторларын, яғни дарынды әншілер мен авторларын анықтау. Ән фестивалінің тақырыбы патриоттық тағылымнан тұрады (соғыс, Отанға деген сүйспеншілік, тіл және ана туралы әндер). Фестивальде вокалдық қабілеті (интонация тазалығы, вокалдық диапазоны, орындаушылық техникасы бағаланды. Сонымен бірге актерлік шеберлігі мен сахналық имиджі, микрофонмен жұмыс жасай білуі назарға алынды. Аталған фестивальді ұйымдастыруды Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдары, Алматы жолаушылар көлігі және технология колледжінің директоры Сүлейменов Сейітбек Тохтамұратұлы, сондай-ақ, "Казбат" бейбітшілік ісі және жауынгерлік ұрыстың ардагерлер кеңесі жүзеге асырды.  width= "Алтын жұлдыз" фестиваль қорытындысында бас жүлдені 78 гимназия-мектептің командасы қанжығасына байлады. Бірінші орынды Алматы жолаушылар көлігі және тезнология колледжі алды. Ал екінші орынды педагогикалық колледж командасы алса, үшінші орынды 44 жалпы білім беретін мектебі иеленді. Фестиваль жеңімпаздары кубоктар және грамоталармен, ал қатысушылар "Алтын жұлдыз" қатысушылары мүсіншелермен марапатталды. Айта кететіні, бұл фестиваль екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта жалғасын табады.