Францияны сотқа берген кім?

Францияны сотқа берген кім?

Францияны сотқа берген кім?
ашық дереккөзі
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа Францияның үстінен талап-арыз түскен. Оның негізгі себебі ‒ Полинезияда жүргізілген  ядролық сынақтар. Бұл туралы сейсенбі күні франциялық Полинезияның бұрынғы президенті Оскар Темару хабарлады. Онда «Бойымызды борыш пен батылдық сезімі кернеген біз, 2 қазан күні Халықаралық қылмыстық сотқа адамзатқа қарсы жасалған қылмыс үшін шағым түсірдік», ‒ деп келтірілген. О.Темару: «Бұл іс елімізде жасалған ядролық сынақтар үшін айыпты Францияның қазіргі кезде көзі тірі барлық президенттерін жауапқа тартуға бағытталған», ‒ деген хабарламада. Францияда 1960-1996 жылдар аралығында 210 ядролық сынақ жүргізілген, оның он жетісі Алжир аумағындағы Сахара шөлінде, 193-і франциялық Полинезияның Фангатауфа және Муруроа інжу аралдарында болды. Сол сынақтардың салдарынан мыңдаған адамның денсаулығы нашарлады. Францияға қарсы шағым түсірген мың адамның шамамен жиырмасына ғана компенсация төленіпті.