Жаңалықтар

ТҮРКИЯДАҒЫ MÜSİAD EXPO

ашық дереккөзі

ТҮРКИЯДАҒЫ MÜSİAD EXPO

Қараша айының 21-24 аралығында Түркияның Станбұл қаласында MÜSİAD EXPO халықаралық көрмесі өтеді. Әр екі жыл сайын денсаулық сақтау, энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс, азық-түлік, текстиль, машина өндірісі, IT технологиялары, т.б. салалардағы әлемнің ең үздік кәсіпорындары және кәсіпкерлерінің қатысуымен өтетін бұл халықаралық шара осымен 17 рет ұйымдастырылып отыр. Түркия билігінің тікелей қолдауымен өтетін көрменің мақсаты ‒ әлемдегі үздік компаниялар мен көшбасшы кәсіпкерлер  арасында жаһандық бизнес желісін орнату, әлемдік нарықтың көшбасшыларын анықтау, шағын және орта бизнесті нығайтып, олардың өркендеуін қамтамасыз ету. Аталған көрме әлемдік деңгейдегі ең үздік экспо орталықтарының бірі болып саналатын «CNR İstanbul» кешенінде өтеді. Таңдаулы 848 шетелдік және 200-ден астам түрік компаниялары өкілдерінің төрт жүзден астам ірі компания басшыларының қатысуымен B2B форматтағы кездесулер ұйымдастырылады. «CNR İstanbul» кешенінде халықаралық көрмемен қатар, қорғаныс пен аэроөнеркәсіп саласын дамытуға арналған MÜSİAD HIGH-TECH  PORT көрмесі мен 22-ші халықаралық бизнес форум өтеді. MÜSİAD HIGH-TECH  PORT көрмесі шеңберінде Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Кувейт, Оман, Иордания, Марокко, Тунис, Алжир, Нигерия, Оңтүстік Африка, Бразилия, Чили, Колумбия, Индонезия, Малайзия, Пәкістанның қарулы күштері мен қорғаныс министрліктері тәжірибе бөлісіп, салалық әріптестік бойынша келіссөздер жүргізетін болады.