ІСКЕ АСАТЫН 100 ІС-ШАРА

ІСКЕ АСАТЫН 100 ІС-ШАРА

ІСКЕ АСАТЫН 100 ІС-ШАРА
ашық дереккөзі
Жуырда Үкіметте ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды. Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын жүзеге асыруда жалпыұлттық 6 міндет бойынша 100 іс-шара  қамтылған. Ондағы бірінші тапсырма ‒ «Халық табысының өсуі» міндеті бойынша қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне ерекше назар аудару. Бұл мақсатқа жету үшін ел тұрғындарының табысын арттырып, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 24 іс-шара негізге алынған. Жиында сөз алған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов: «Қазақстандықтар үшін аса маңызды шаралардың бірі – 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп 1,5 есе артыру шарасы. Халықтың кірісін қорғау үшін заңнамаға тариф белгілеу тетігінің, коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін өзгерістер енгізілетін болады. Бизнесті тиімді қолдау мақсатында 2025 жылға дейінгі Бизнестің жол картасы бағдарламасы жалғастырылады», ‒ деді. «Тұрмыс сапасын арттыру» екінші міндеттің аясында екі маңызды сала ‒ білім беру және денсаулық сақтауды қамтитын 24 іс-шара көзделген. Ұлттық экономика министрінің мәлімдеуінше, мектептердегі оқушылар орнының тапшылығын жою және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында осы жылдың соңында өңірлерде мектептердің құрылысы басталатын болады. Тағы бір айта кетерлігі, денсаулық сақтау саласында медицина қызметтерінің сапасын арттыру үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық түрде жүргізуге көшеді. Сондай-ақ, жалпыұлттық жоспардың барлық шаралары тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, еліміздің кез келген елді мекенінде жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруге жағдай жасауға бағытталмақ. Көлік инфрақұрылымын, коммуналдық және тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында  «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары ұзартылады. «Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат» атты төртінші міндет аясында 19 іс-шара көзделген. Мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқарту мақсатында мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелерін адамдарға түсіндіруді көздейтін «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламасы әзірленбек. «Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы» алтыншы міндеттің шеңберінде 6 іс-шара көзделген.