ҰБТ: Алты ай бұрын ЖОО-ға түсу үшін қанша балл жинау керек

ҰБТ: Алты ай бұрын ЖОО-ға түсу үшін қанша балл жинау керек

ҰБТ: Алты ай бұрын ЖОО-ға түсу үшін қанша балл жинау керек
ашық дереккөзі
Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілген өзгерістерге сәйкес оқушы ЖОО-ға түсу үшін қанша балл жинауы керек? Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тілшілерге айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Құжаттарды тапсырып, ҰБТ-дан өтуге болады (қаңтар айында). 50 балл алсаңыз, сол жоғары оқу орнына түсіп, шартты қорғау дейді ғой, сол жерде үлкен ҰБТ-ны күтуге болады. Екінші ҰБТ жазда болады ғой. Грантқа түскісі келсе, онда жаздағы - екінші ҰБТ-ға қатысуға құқылы. ЖОО-да ақшасын өзім төлеп оқимын десе, ҰБТ-ға (жаздағы - авт.) бармай, қаңтар айында бекітіліп, университетке күзде бір-ақ бара алады», - деді Ерлан Сағадиев тілшілерге берген жауабында. Министрдің айтуынша, мектеп бітірерден алты ай бұрын ақылы оқуға түсетіндер ЖОО-дағы бекітілген төлеммен, ешқандай жеңілдіксіз білім алатын болады. Яғни, ЖОО-да ақылы оқуды қалайтын мектеп түлектері ҰБТ-ны қаңтар айында тапсырып, жаздағы дәстүрлі ҰБТ-ға қатыспауға құқылы. Еске сала кетсек, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты өзгерістерді жариялаған болатын. Оның айтуынша, біріншіден, келесі жылдан бастап ҰБТ жыл ішінде қаңтар айында басталып, бірнеше рет өткізіледі. Екіншіден, қаңтардан бастап мектеп түлектері үшін ақылы негізде оқуда шартты түрде түсуге мүмкіндік беріледі. Үшіншіден, жоғары оқу орындарында шетел азаматтарының оқу жылы кезінде оқуға қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Төртіншіден, шетел азаматтары, соның ішінде қазақ диаспорасы үшін стипендиялық бағдарламалар енгізіледі. Бесіншіден, магистратураға қабылдаудың жаңа моделі енгізілуде.