__МаңыздыЖаңалықтарЖаһан

Түркіменстанда дәрінің орнына шәй ішуді ұсынады

Түркіменстанның денсаулық сақтау министрлігі халқына президент Гурбынгулы Бердімұхамедовтің «Түркіменстанның дәрілік шөптері» деп аталатын кітабындағы кеңестерді пайдалануды ұсынады, деп хабарлайды centralasian.org.

Министрліктің ақпарат орталығы мемлекеттік «Бейтарап Түркіменстан» газетіне күзгі мезгілінде суық тиюдің алдын алу мақсатында «11 пайдалы кеңес» деп аталатын мақаласын жариялаған.

Онда түркімен президентінің кітабында жазылған «ғылыми негізде зерттелген» кеңестерін ұсынған. Атап айтқанда, итмұрын, жалбыз, түймедақ, мия тамырын қайнатып ішу керек дейді. Гурбангулы Бердімұхамедов президенттік міндетінен бөлек, соңғы 10 жылда 40-тан астам кітап жазған. Оның ішінде емдік шөптерге қатысты 10 томдық кітабы жарық көрген.

Осыған дейін түркімен телеарнасы президенттің жұмыс күні жайында репортаж дайындаған. Онда президент үстелі үстінде тұрған шәйнектен пиялаға шәй құйып ішіп отырады.

Енді елдің денсаулық сақтау министрлігі президент ұсынған емдік шөптерден шәй дайындап ішуге кеңес беріп жатыр.

Back to top button