Жаңалықтар

Элиталық үй иелері бюджетке 167 млн теңге қарыздар

ашық дереккөзі

Элиталық үй иелері бюджетке 167 млн теңге қарыздар

Алматыда элиталық үй иелері бюджетке 167 млн теңге қарыздар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Медеу аудандық мемлекеттік кірістер департаменті мүлік пен жер салығын өндіру бойынша қызу жұмыс атқарып келеді. Мамандардың айтуынша, 2017 жылғы мүлік және жер салығын төлеу 1 қазанда аяқталғанына қарамастан, бұл үйлердің иелері қарызын жабуға асығар емес. Бұл үйлердің көпшілігі қаланың бақуатты аудандарында орналасқан. Атап айтқанда,  Достық, Оңдасынов, Оспанов, Горная көшелері мен «Қыз-жібек», «Көктөбе», «Горный гигант» аудандарында. Бүгінде аталған элиталық пәтерлер мен үйлердің қарызы 167 млн теңгеге жетті. Мәселен, Достық көшесіндегі ауданы 1000 шаршы метрден асатын, құны 185 млн теңгелік зәулім үйдің иесі бюджетке 1,1 млн теңге беруі керек. Борышкерлер арасында бірнеше пәтеріне салық төлемей жүргендер бар. Барлық қарыздар тұлғалар бойынша іс материалдарын сот орындаушыларына беру туралы салық бұйрықтары әзірленіп жатыр. Салық органдары қарызды өндіру үшін банк операцияларын тоқтатады, салық төлеушілердің шетелге шығуына тыйым салады. Одан бөлек, келесі аптаның соңына дейін борышкерлердің аты БАҚ беттерінде жарияланады. Олардың арасында елімізге белгілі азаматтар бар.