Семейде 350 орындық жатақхана пайдалануға берілді

Семейде элкетротехникалық колледжінің 350 орындық жатақханасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы шеңберінде жүзеге асқан жобаға облыстық бюджеттен 30 миллион, демеушілер көмегімен 70 миллион теңге жұмсалған. Бұрын музыкалық колледждің оқу ғимараты болған нысан күрделі жөндеуден өтіп, студенттердің жан-жақты дамуына жағдайлар қарастырылған. Қоғамдық тәртіптің сақталуы да бейнебақылау камералары арқылы қатаң қадағаланады. Мұнда «Серпін» бағдарламасы бойынша оңтүстік өңірлерден келген жастар да тұрады.

«Wi-Fi желілері немесе коворкинг орталығы бірлесіп жұмыс жасауға, әр бала қосымша өзінің бір жұмысымен айналысатын болса, интернет қосылған, жұмыстарды жасай алады. Ғаламтор желісіне кіріп, қазақша шыққан кез келген киноларды, тәлім-тәрбие беретін бағдарламаларды көре алады. Және де кітапханада оқу залы, ол толығымен мықты компьютерлермен жабдықталған», – деді электротехникалық колледж директоры Азат Сарпеков.

Back to top button