Эбола дерті Уганда мен Руандаға таралуы мүмкін

Эбола дерті Уганда мен Руандаға таралуы мүмкін

Эбола дерті Уганда мен Руандаға таралуы мүмкін
ашық дереккөзі
Конго Демократиялық Республикасында бірнеше ай бұрын тараған эбола дерті көршілес жатқан Уганда мен Руандаға ойысуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп ескертіп отыр. Ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл мемлекеттер қауіпті ауруға қарсы тәжірибелік екпені қолдануды әлі бекітпеген. Қазір Конгода да жұқпалы індет ауыздықталған жоқ. Елде шілденің соңынан бері осы дерттен 122 адам көз жұмып, 200-ге жуық тұрғын жұқтырып алған. «Бізде Бени қаласында тағы 40-қа жуық тұрғын ауруды жұқтырған деген мәлімет бар. Сондықтан шаһар қайтадан індет ошағына айналайын деп отыр. Ал Уганда мен Руандаға келетін болсақ, бұл мемлекеттер қауіпті дертпен күресуге дайын деген сенімдеміз. Біз де оларға көмек көрсетуге әзірміз»,- деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорының орынбасары Питер Салама .