Дариға Назарбаева жас журналистерге кеңес берді

Дариға Назарбаева жас журналистерге кеңес берді

Дариға Назарбаева жас журналистерге кеңес берді
ашық дереккөзі
Бүгінгі журналистер шенеуніктердің «құс тілін» жалпы бұқараға жеткізе білулері керек. Бұл туралы бүгін «Jas qalam» форумының ашылуында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгінде журналистиканың алдында тұрған ең басты сын-тегеуірін - мемлекет пен қоғам арасында модератор немесе медиатор бола білу. Бұл бүгін ғана емес барлық уақытта болды, ертең де бола бермек. Асыра айтқаным үшін кешірім сұраймын, шенеуніктердің «құс тілін» кең аудиторияға жеткізе білу керек. Егер сөз Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы туралы болса, онда әрбір адамға ол үшін нені білдіретіндігін жеткізе білу қажет. Ал егер білім беруді дамыту бағдарламасы төңірегінде болса, онда әрбір ата-анаға, әрбір мұғалімге одан қоғамның не күтетіндігін және бағдарлама неге бағдарланғанын, ақшаның қайда бағытталатындығын және оның қалай жұмсалатындығын жеткізе білу керек», - деді Сенат дептутаты.