Петропавлда әмбебап теннис орталығы ашылды

Петропавлда әмбебап теннис орталығы ашылды

Петропавлда әмбебап теннис орталығы ашылды
ашық дереккөзі
Бүгін Мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында Петропавл қаласында әмбебап теннис орталығы ашылды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен ForteBank спорт нысанына 1,7 млрд. теңге инвестиция салған, деп хабаралйды ҚазАқпарат. Жергілікті әкімдік пен қаржы ұйымының табысты әріптестігінің үлгісі іспетті болған нысанның құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталып, бүгінде жайлы спорт орталығы қалалықтарға пайдалануға берілді. Бұл жобаға елдегі балалар теннисін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқан Қазақстан теннис федерациясы бастамашы болғанын айта кеткен жөн.