Жаңалықтар

Ел-жұрт Би-ағаның есімін таңдады

ашық дереккөзі

Ел-жұрт Би-ағаның есімін таңдады

Жақында Қостанай облысындағы Таран ауданының аты Бейімбет Майлин атына өзгертілді. Енді аудан қызыл империяның қолшоқпары Л.Таран атымен емес, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетінің қазығын қаққан қаламгерлердің бірі, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің есімімен аталады. Осыған орай Алматы көпсалалы колледжінде арнайы кездесу өтті. Оған жазушының ұрпағы Салтанат Майлина, бейімбеттанушы-ғалым Жұмабек Табын, колледж директорының орынбасары Жаңыл Нүсіпжанова және студенттер қатысты. Алғашқы сөз тізгіні тиген Жұмабек Табын мырза айтулы оқиғаны Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойы қарсаңында жасалып отырған сый-құрмет деп бағалады. «30-қыркүйек – мен үшін ұлы күн. Өйткені біздің неше жылға созылған еңбегіміз осы күні жемісін берді. Қоғамдық комиссия мүшелері ауданның аты Бейімбет Майлиннің есімімен аталуын бір ауыздан қолдады. Тіпті қалыс қалған адам жоқ», – деді ол.