Алматы метросының пойыздарына 8 миллиард теңге бөлінеді

Алматы метросының пойыздарына 8 миллиард теңге бөлінеді

Алматы метросының пойыздарына 8 миллиард теңге бөлінеді
ашық дереккөзі
Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы жобасы таныстырылды. Бюджеттен 8 миллиардтан аса теңге Алматы халқының қала ішіндегі мобильділігін арттыруға бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  "Алматы халқының қала ішіндегі мобильділігін арттыру мақсатында тоғыз бекет пен болашақта ашылатын "Сарыарқа" және "Достық" станциялары үшін 8 электрпойызды сатып алуға аванс ретінде бюджеттен қаражат бөлуге жоба ұсынылды. Оған 8,1 миллиард теңге бағытталуы тиіс", - деді қаржы министрі. "Алматыметроқұрылыс" АҚ өндірістік-техникалық департаментің мәліметінше, "Сарыарқа" және "Достық" станцияларының құрылысына жалпы есеппен 67 миллиардтан аса теңге кетеді екен.