Уақыт талабы – өмір сапасын арттыру
Уақыт талабы – өмір сапасын арттыру
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауын еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне арнады. Жолдауда Елбасы 2019 жыл елімізде «Жастар жылы» деп аталатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Президент мұғалімдердің мәртебесін арттыратын заң қабылданатынын да атап өтті. Мемлекет басшысы адам капиталын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын білім саласына айрықша көңіл бөліп, балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейінгі білім беру сапасын арттыруға баса назар аударуды тапсырды.
Расында да, бәсекеге қабілетті болу үшін білім мен ғылымның дамуы аса маңызды. Президенттің бұл ойын Жолдауды тыңдаған әрбір қазақстандық құптайды. Алматы қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен шаһар жұртшылығы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Республика сарайында үлкен экран арқылы тамашалады. Елбасы Жолдауымен тікелей танысқан алматылықтар да Нұрсұлтан Әбішұлының әрбір бастамасына қолдау көрсетуге әзір екендіктерін білдірді.
«Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс».
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан
Гүлнұр ДҮЙСЕМБИЕВА,
Алматы қаласы «Жаңа ғасыр» №175 гимназияның информатика пәнінің мұғалімі:
Жолдау жастарға қанат бітірді
– Келер жылдың «Жастар жылы» деп аталатыны бізді шынымен қуантты. Бұл Жолдау жастарға қанат бітірді. Жастар мәселесінің көбірек қозғалуы, «Жастар жылының» жариялануы Алматы қаласы үшін өте маңызды. Өйткені Алматы – жастардың қаласы. Біз Алматы жастарын жинап, ашық кеңістікте (Open Space) жоспарлар түзетін боламыз. Жолдауда айтылған маңызды мәселелерді талқылаймыз. Осы Жолдауда жастарға қатысты көп нәрсе айтылды. Елбасы жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге назар аударып өтті. Бұл ретте біз де ойлануымыз қажет. Жастарды қалай патриоттыққа тәрбиелеуге болады? Бұл мәселеге қай қырынан келген дұрыс? Біз бұл мәселелерді өз қаламыздан бастаймыз. Біз өзіміздің осы елде тұратынымызды, осы мемлекетте әрі қарай ұрпағымызды тәрбиелейтінімізді жақсы түсінеміз. Сондықтан бізді елдегі жағдайдың бәрі алаңдатуы тиіс. Елбасының Жолдауын тыңдай отырып, айтылған әр мәселе бойынша, біз, жастар не істей аламыз деген сауалға жауап іздедім. Мысалы, спорттық нысандарды пайдалану туралы айтты. Бұл ретте біз спорттық шараларды көбірек ұйымдастыруымыз керек, спортқа көбірек көңіл аударып, жастардың бос уақытында спортпен айналысуына жол ашуымыз керек. Бұл мәселеге келгенде алматылықтар мақтана алады. Өйткені шаһар басшысы Бауыржан Байбек бүгінгі күнге дейін талай шаруа тындырды. Қазіргі уақытта қаладағы аулалардың басым көпшілігінде спорттық жабдықтар орнатылған. Мысалы, Тимирязев көшесінің бойында арнайы жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар маңына қойылған жаттығу орындарында таңертең қарттардың, кешкі уақытта жастардың жаттығып жатқанын көріп жүрміз. Міне, біздің шаһарда тұрғындар үшін спортпен айналысудың тегін және қолжетімді түрі бар. Азық-түліктердің сапасы туралы да көтерілген мәселелер өте орынды болды. Еріктілер лигасы «Ұлттық тұтынушылар лигасы» атты шараны қолға алмақ. Мысалы, сіз тауар сатып аласыз, ол үшін ақша төлейсіз. Демек, бұл өнімнің сапасы үшін біреу жауапты болуы тиіс. Сондықтан біз азаматтарды мұндай мәселелерге бейжай қарамауға үйреткіміз келеді. Көбінесе тауарды ұсынушылар оның сапасыздығын біле тұрып, сатылымға шығаруы мүмкін. Ал сол тауарды сатып алған адам оны білсе де, үнсіз қалады. Мұндай кезде екінші адам да өзінің жауапкершіліктен қашып отырғанын ұғынуы тиіс. Яғни, әлгі дүкен мұндай сапасыз тауарларды әрі қарай саудалай беретіні анық. «Ұлттық тұтынушылар лигасы» арқылы біз тұрғындарға осыны жеткізгіміз келеді, әлеуметтік жауапкершілікті ұғындыруға тырысамыз. Мемлекет басшысы: «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс», – деп атап өтті. Сондықтан бұл Жолдауда айтылған әрбір мәселенің, әрбір бастаманың өзіміз үшін де маңызы жоғары екенін ұғына білуіміз қажет. «Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды». ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан Дәурен БАБАМҰРАТ, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі: