Нақты тетіктер айқындалды

Сондай-ақ!

2021 жылы мұсылмандар қандай мерекелерді тойлайды?

Ораза 14 сәуірде басталады. Мұсылмандардың ең басты мерекесі – Құрбан айт 20, 21, 22 шілдеде тойланады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі...

Конфет сыртындағы тудың суреті заңсыз екен

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың түсіндіруі бойынша конфет оралған қағазға тудың суретін бейнелеу дұрыс емес. Бұл жөнінде ол Орталық коммуникациялар қызметінде болған жиында...

WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды

2021 жылғы 8 ақпаннан бастап WhatsApp қолданушылары үшін жаңа ережелер енгізілетін болады. Бұл туралы WABetainfo хабарлады. Жақын күндері WhatsApp қолданушыларына жаңа ережелермен танысып, келісіміңізді...

Алматы тұрғыны үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жібермек болды

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi аман алып қалды. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 желтоқсанда «112» пультiне...

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына қолдау білдіру мақсатында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа елдегі жетекші партиялардың басшылары, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, кәсіби және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Жиында Коалиция мүшелері Жолдауда көрсетілген басымдықтардың маңызына тоқталып, жаңа стратегиялық құжатты іске асырудың нақты тетіктерін айқындады.  Отырыста сөз алған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мəселелеріне жəне қазақстандықтардың əл-ауқатын одан əрі арттыру міндеттеріне арналған биылғы Жолдау Елбасы саясатының беріктігі мен тұрақтылығын көрсететінін айтты. «Елбасының Жолдауында қоғамда қызу талқыланып жүрген ең өзекті әлеуметтік мәселелер қамтылған. Мемлекет басшысы сол мәселелерді шешу үшін нақты  шараларды ұсынып отыр. Атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын арттыру,  тұрмыс-жағдайын жақсарту, баспанаға қолжетімділікті қамтамасыз ету,  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы қордаланған мәселелерді шешу, тарифтерді шектеу және жолдарды жөндеу, қоғамдық қауіпсіздік секілді  мәселелер көтерілгенін білеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары аталған мәселелерді шешуге бағытталған Елбасы ұсыныстарын жүйелі сипатқа ие екенін айтты. «Ең төменгі жалақыны бір жарым есеге көбейту – миллиондаған қазақстандықтың тұрмыс деңгейіне оң әсерін тигізетін шара. Сонымен бірге, денсаулық сақтау мен білім беру саласына  бөлінетін қаражат та көбейетін болады. Бұл шаралардың бәрі жүйелі түрде  Қазақстандағы әлеуметтік жағдайды одан әрі дамытуға тың серпін беретіні  сөзсіз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Жиын барысында Коалиция мүшелері Мемлекет басшысының жаңа Жолдауына байланысты өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев, Жамбыл Ахметбеков, Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов,  Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан  Әбдірайым, Қазақстан азаматтық альянсының президенті Асылбек Қожахметов, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» кеңесінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен және «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев сөз алып, Жолдауда көрсетілген бастамалар халықтың тұрмыс деңгейін жаңа деңгейге көтеретінін айтты. Іс-шара  соңында Жолдауға қолдау білдірген, еліміздің барша азаматтарын жылдың басты құжатын талқылау, түсіндіру және іске асыру жұмыстарына белсенді  қатысуға шақырған Үндеу қабылданды.

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Қазақстан коронавирусқа қарсы Ресей вакцинасын бірігіп өндіруге келісті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) әлемде алғашқы...

2021 жылы мұсылмандар қандай мерекелерді тойлайды?

Ораза 14 сәуірде басталады. Мұсылмандардың ең басты мерекесі – Құрбан айт 20,...

Конфет сыртындағы тудың суреті заңсыз екен

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың түсіндіруі бойынша конфет оралған қағазға тудың...

WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды

2021 жылғы 8 ақпаннан бастап WhatsApp қолданушылары үшін жаңа ережелер енгізілетін болады....

Алматы тұрғыны үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жібермек болды

Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...