«Ел бірлігі – тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өтті
«Ел бірлігі – тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өтті
Дөңгелек үстелге Неміс этно-мәдени орталығының төрағасы Виктор Эзау, «Барбанг» күрдтер қаумдастығының төрағасы Вакиль Набиев, «Ватандаш» қырым татарлары этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Васпие Алиарова, «Достық үйінің» бас сарапшысы Нұрсәуле Альтекова, мәдениеттанушы- Бердалы Оспан, Халықаралық “Көшпенділер Атамұрасы” қоғамдық қоры мен Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институты қатысты. Жиынға белгілі қоғам белсендісі Батыржан Сейдомар, Бейбіт Нәлібаев модераторлық етті. Виктор Эзау: «Неміс халқының қазақ жеріне қалай келгенін және қазақ халқының оларға қалай қамқор болғанын»,- дегендң айтты. Васпие Алиарова татар хылқымен қазақ халқының ежелден бірлігі жарасқан ұлт екеніне нақты мысалдар келтіре сөйледі. Нұрсәуле Альтекова ханым еліміздегі ұлттар ынтымағын ата-бабаларымыз дала заңымен ұстап отырғанын, және біз ұрпақтар сол жолды берік ұстанушы екенімізді жеткізді. Мәдениеттанушы Бердалы Оспанов ағамыз екінші дүниежүзілік соғыс кезінде біздің батырларымызыдың бастарына төнген қауып-қатерге қарамастан достыққа берік болғанын сол кездегі нақты оқиғалармен еске салды. Кездесу соңында студенттер қонақтар және ұйымдастырушылармен бірге естелік фотоға түсті.