«Бірлік – береке бастауы» жобасы аясындағы кездесу

«Бірлік – береке бастауы» жобасы аясындағы кездесу

«Бірлік – береке бастауы» жобасы аясындағы кездесу
ашық дереккөзі
«Бірлік – береке бастауы» жобасы аясында Асылы Осман ханыммен кездесу өтті. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы қолдауымен “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігі, Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерімен этносаралық келісімді нығайтуға және мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған "Бірлік - береке бастауы” атты жобасының аясында Орталық Азия университетінде қоғам қайраткері Асылы Осман ханыммен кездесу өтті. Қазақстан халықтары ассамблеясының белсенді мүшесі Асылы Осман ханым кездесу кезінде студенттерге өз ақыл-кеңесін аямады. Белгілі мәдениеттанушы Бердалы Оспан мырза да ел бірлігі туралы құнды ақпараттармен бөлісті. Кездесу соңында Асылы Осман ханым осындай білім ордасына шақырып, кездесу ұйымдастырып отырған бірлестік мүшелеріне, бар ынтасымен тыңдап, белсенді отырған студенттерге алғысын айтты.